Ашық сабақтар МИФ » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар МИФ
04
февраль
2021

Ашық сабақтар МИФ

4 ақпан күні №176 мектеп-гимназиясында «Жаратылыстану-математика» кафедрасының математика, информатика және физика пәндерінің апталығы аясында математика пәні мұғалімдері Убишова Роза 8 «Б» сыныбымен геометриядан «Параллелограмм және ромбтың ауданы» тақырыбында, Әбдіманап Жомарт 8 «Ә» сыныбымен алгебрадан «Квадраттық функция және оның графигі» тақырыбында, физика пәні мұғалімдері Зулпухарова Құралай 8 «Б» сыныбымен «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тақырыбында және Жасұзақ Ажар 7 «Б» сыныбымен «Гидравликалық машиналар» тақырыбында онлайн ашық сабақ өтті. Ұстаздар оқушылардың алдыңғы білімін қайталауды Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен шебер байланыстырып, сабақтың барлық кезеңдерінде оқушыларды оқу процесіне жұмылдырып, танымдық белсенділіктерін арттырды. Онлайн сабақта оқушыларды топтарға бөліп, бірін-бірі бағалау, топты бағалау сәтті орындалды. Интернет ресурстардың көмегімен Zoom, Online Mektep платформасында сабақтар қызықты өтті. Жасұзақ Ажар сабағында теорияны тәжірибемен байланыстырудың маңыздылығын бейнефильмдер көрсету арқылы түсіндіріп, мұғалімнің теорияның тәжірибелік қажеттілігін ашу үшін қолданған әдіс-тәсілдері ұтымды болды. Саналы да сапалы білім алған оқушы ұлт келешегі екенін ескерсек, осындай шығармашылыққа бағытталған сабақтардың көп болуы қуантарлық жағдай. Сабақтар жоғары деңгейде өтті

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

06 февраль 2021 Ашық сабақтар МИФ
05 февраль 2021 Ашық сабақтар МИФ
03 февраль 2021 Ашық сабақтар МИФ
03 февраль 2021 Ашық сабақтар МИФ
08 февраль 2021 Ашық сабақтар МИФ