Ашық сабақтар МИФ » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар МИФ
08
февраль
2021

Ашық сабақтар МИФ

Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназияның «Жаратылыстану-математика» кафедрасының математика, информатика және физика пәндерінің апталығы аясында информатика пәнінің мұғалімі Каюпова Қырмызы 8 «Ә» сынып оқушыларымен «Параметрлі циклдер. For операторы» тақырыбында онлайн-ашық сабақ өтті. Мұғалім сабақта оқушылардың танымдық белсенділіктері мен іскерліктерін арттыру мақсатында Zoom, Online Mektep, Quizizz.com, Padlet.com платформаларын қолданумен қатар, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, сабақты жоғары деңгейде өтті. 6 «Ә» сыбында Бейсен Қарлығаш математикадан «Санды теңсіздіктер» тақырыбында онлайн-ашық сабақ өтті. Сабақтың «Миға шабуыл» бөлімінде санды теңсіздіктерге байланысты тапсырмаларды орындауды Learrningapps платформасы арқылы жүзеге асырды. Оқулықпен жұмыс, Quizizz.com платформасында тест орындау, рефлексия бөлімінде бас бармақ әдісімен басқа да дамытушы әдістерді қолдану оқушылардың пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыра түсті. Ұстаз сабақта түрлі платформаларды тиімді қолданып, қызықты әрі жақсы өтті. Серік Мөлдір физикадан «Гидравликалық машиналар» тақырыбында 7 «Ж» сыныбымен онлайн-ашық сабақ өтті. Online Mektep платформасында «Кім жылдам?» тапсырмаларын орындату ұтымды шықса, Quizizz.com платформасында оқушыларға тест орындату арқылы өз білімдерінің нәтижелерін көру қызықты болды. Сабақ материалдарын меңгеруге тиімді платформалар қолданып, сабақ жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: