Ашық сабақтар МИФ » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар МИФ
05
февраль
2021

Ашық сабақтар МИФ

№176 мектеп-гимназиясында 5 ақпан күні «Жаратылыстану-математика» кафедрасының математика, информатика және физика пәндерінің апталығы барысында физика пәні мұғалімдері Қарабекова Қырымкүл 10 «В» сыныбымен «Конденсаторлар. Конденсаторды жалғаудың түрлері» тақырыбында, Рахимбаева Қарлыға 8 «Ә» сыныбымен «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тақырыбында, математика пәні мұғалімдері Абдильданова Салтанат 9 «Е» сыныбымен «Тригонометрия формулалары» тақырыбында, Мадигулова Шынар 5 «А» сыныбымен «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбында, информатика пәні мұғалімі Закирова Гульжан «Сызықтық алгоритмді программалау» тақырыбында онлайн ашық сабақтар өтті. Физикадан оқушыларға өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау кезіндегі сипаттайтын шамалардың өзгерісі мен тізбектің жалпы кедергісін есептеп шығаруға арналған тапсырмаларды виртуалды тақтада орындап көрсетті. Ұстаздар оқушылардың техникалық қабілеттілігін арттыру мақсатында, өмірде қолдана алу біліктілігін қалыптастыруда оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін тиімді қолданатындығын көрсетті. Математика және информатика пәндерінде оқушылардың өз бетінше ақпарат алуға, талдауға үйретудің нәтижелерін көрсете білді. Тірек конспектілері және видеотүсіндірулер арқылы білімді пәнаралық байланыспен қатар күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізді. Сабақтар өте қызықты және жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

06 февраль 2021 Ашық сабақтар МИФ
04 февраль 2021 Ашық сабақтар МИФ
03 февраль 2021 Ашық сабақтар МИФ
03 февраль 2021 Ашық сабақтар МИФ
08 февраль 2021 Ашық сабақтар МИФ