Ашық сабақтар МИФ » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар МИФ
06
февраль
2021

Ашық сабақтар МИФ

№176 мектеп-гимназиясында 6 ақпан күні «Жаратылыстану-математика» кафедрасының математика, информатика және физика пәндерінің апталығы аясында математика пәні мұғалімдері Айдаралиева Алтынкүл 7 «В» сыныбымен «Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып тиімді есептеу» тақырыбында, Рамазанова Айгүл 8 «Г» сыныбымен «Параллелограмм мен үшбұрыштың ауданы» тақырыбында, информатика пәні мұғалімі Нәлібай Гүлнар 6 «Е» сыныбымен «Мәліметтер типтері» тақырыбында онлайн ашық сабақтар, Омарова Сериккул 11 «Б» сыныбымен «Санның логарифмі және қасиеттері» тақырыбында оффлайн ашық сабақ өткізді. «Математикалық домино», «Кім жылдам?», «Ойлан, тап» айдарымен берілген тақырыпқа байланысты тапсырмаларды оқушылар қызыға орындады. Сабақ барысында оқушылардың іс - әрекет дағдылары мен шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, өзіндік білім көтеру қажеттілігін арттыру ұстаздардың басты назарында болды. 

Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру, теориялық білімдерін практикада ұштастыра отырып, ойлау және есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту үшін сабақта жаңа ақпараттық технологияны қолданды, Zoom, Onlin Mektep, Quizizz платформаларында тапсырмаларды орындатты. Ашық сабақтар өз мақсатына жетті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

05 февраль 2021 Ашық сабақтар МИФ
04 февраль 2021 Ашық сабақтар МИФ
03 февраль 2021 Ашық сабақтар МИФ
03 февраль 2021 Ашық сабақтар МИФ
08 февраль 2021 Ашық сабақтар МИФ