Құрметті, ЖАС ТҮЛЕК 2024! Грант иегерлері атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгін мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды. Алматы қаласы Наурызбай ауданы №176 мектеп- гимназия түлектері мектебімізді өз жетістіктерімен қуантып, грант иегерлері қатарынан көрінді. Биыл мектебімізден 99 түлек ұясынан ұшқан болатын, соның 2-і шет елге жолдама алса, 43 түлек ЖОО-ның грант иегерлері атанды. Түлектер оқуға түсіп, ата-ана мен ұстаз үмітін ақтады, барлық түлектерге сәттілік тілейміз. Мақсаттарыңыз анық болып, жолдарыңыз әрдайым ашық болсын! Еліміздің мақтанышы болыңыздар!