Дойбы үйірмесі
🏁 Мектебімізде дойбы үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда! Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, зейінін арттыратын дойбы үйірмесі – білім мен шапшаңдықтың алаңы. Үйірме барысында оқушылар ойын ережелерін меңгеріп қана қоймай, стратегиялық ойлау, шыдамдылық, қарсыласын құрметтеу мәдениетін де үйренуде. Дойбы – жай ғана ойын емес, ол – ақыл-ойды шыңдайтын спорт түрі. Үйірмеге қатысушылар әр сабақ сайын жаңа әдіс-тәсілдерді үйреніп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, өз шеберліктерін арттыруда. ♟