03
октябрь
2025
Шахмат үйірмесі
♟ Мектебімізде шахмат үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда!
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында шахмат үйірмесі жүйелі түрде өткізілуде. Үйірме барысында оқушылар ойын ережелерін жетік меңгеріп, түрлі тактикалар мен стратегияларды үйренуде.
Шахмат – ой тереңдігін, сабырлылық пен дәл есептеуді талап ететін ерекше зияткерлік ойын. Әрбір сабақта оқушылар зейінін шоғырландырып, қарсыласын құрметтеуді, жеңіске жету жолындағы табандылықты қалыптастыруда.
Үйірменің мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың шығармашылық және аналитикалық қабілеттерін дамыту.
Алдағы уақытта жас шахматшыларымыз мектепішілік және аудандық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетеді деп сенеміз! 🏆
Жас зияткерлерімізге сәттілік тілейміз! 🌟
Үйірме жетекшісі: Шарипов Ербол Идрышевич