Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қол добы
24
сентябрь
2025

Қол добы

🏐 Мектебімізде қол добы үйірмесі қарқынды жүргізілуде!

Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған қол добы үйірмесі өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда. Үйірме барысында оқушылар ойын ережелерін меңгеріп, командалық бірлікті, жылдамдық пен ептілікті дамытып келеді.

Қол добы – тек спорт қана емес, ол жауапкершілік пен ұйымшылдыққа тәрбиелейтін, төзімділік пен батылдықты арттыратын ойын. Әр жаттығу барысында оқушылар өз шеберліктерін шыңдап, бір-біріне қолдау көрсетіп, жеңіске деген жігерін арттыруда.

Үйірменің басты мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Алдағы уақытта жас спортшыларымыз мектепішілік және аудандық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетеді деп сенеміз! 💪

Жас спортшыларымызға сәттілік тілейміз! 🌟

Үйірме жетекшісі: Нурсиленова Гульмира Жумашевна

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: