26
декабрь
2025
Асық ату үйірмесі
🎯 Мектебімізде асық ату үйірмесі ұйымдастырылуда!
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оқушылардың ептілігін арттыру мақсатында мектебімізде асық ату үйірмесі жүйелі түрде өткізілуде. Үйірме барысында оқушылар асық ату ережелерін меңгеріп, мергендік қабілеттерін шыңдап, дәлдік пен шапшаңдықтарын дамытуда.
Асық ату – халқымыздың бай мұрасынан сыр шертетін, ұрпақты батылдыққа, төзімділікке және әділдікке тәрбиелейтін ұлттық ойын. Сабақ кезінде оқушылар бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, ұлттық салт-дәстүрімізге деген құрметін арттыруда.
Үйірменің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рух сіңіру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және спорттық қабілеттерін дамыту.
Алдағы уақытта жас мергендеріміз мектепішілік және аудандық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетеді деп сенеміз! 🏆
Ұлттық ойынға қызығушылық танытып жүрген оқушыларымызға сәттілік тілейміз! 🌟
Үйірме жетекшісі: Тоқтарбай Рауан