"Қазақ Аруы 2021" » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қазақ Аруы 2021"
05
март
2021

"Қазақ Аруы 2021"

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназиясында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай мұғалімдер арасында "Қазақ Аруы 2021" байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 9 Ару әр әдістеме бірлестіктерінен қатысты. Әрі сұлу, әрі ақылды, әрі алғыр, әрі өнерлі, әрі инабатты аруларымыз жан-жақтылықтарын көрсетіп, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Жеңімпаздарымыз:
"Бас жүлде": Жұмахан Ұлдана (Орыс тілі мен әдебиеті бірлестігі);
І орын: Советбек Дания (Ағылшын тілі бірлестігі);
ІІ орын: Серікқали Құралай (Жаратылыстану бірлестігі);
ІІІ орын: Қуат Маржан (Бастауыш сынып бірлестігі);
Инабатты ару номинациясы: Шынарбек Еркегүл (МИФ бірлестігі);
Алғыр ару номинациясы: Тоқтарбаева Әсем (Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі);
Ақылды ару номинациясы: Жасұзақ Ажар (МИФ бірлестігі);
Өнерлі ару номинациясы: Мырзан Мақпал (Өзін-өзі тану бірлестігі).
Қылығы қандай, бұрымы қандай - беліне дейін төгілген
Көз тоймас көрік, сертіне берік, қазақи мінез көрінген.
Оятып әнді, баурайды жанды қарақат мөлдір көздерің
Тамыры ұлттың, жарығы жұрттың болашақ ана – өздерің.
Ей, ару, ару қыздар, ару қыздар, елдің бағысыздар
Шіркін, қазақтың қыздары қымбатты, сымбатты
Ердің ерке жанысыздар.
Қымбатты Арулар! Сіздерді 8- наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: