«Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым!» тақырыбында викториналық сайыс » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым!» тақырыбында викториналық сайыс
12
декабрь
2020

«Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым!» тақырыбында викториналық сайыс

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. №176 мектеп-гимназиясында желтоқсан оқиғасының және тәуелсіздігіміздің тарихына шолу жасау, нағыз патриот болуға бағыттау мақсатында «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым!» тақырыбында викториналық сайыс өткізілді. Ұйымдастырушысы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақпаев Ерлан. 5-сынып оқушылар арасында ЗУМ платформасы арқылы, QUIZIZ бағдарламасымен ұйымдастырылған сайысқа оқушылар жоғары белсенділікпен қатысып, өздерінің алғырлықтарын көрсете білді. Сайыс нәтижесі төмендегідей:
«Бас жүлде» - Дүйсенхан Жанель (5 Г сынып)
І орын – Қыдырхан Нұраят (5 А сынып), Сұлтанқызы Елдана, Сәтбек Алуа (5 Е сынып);
ІІ орын -  Серікқазиев Ғалымжан (5 Е сынып);
ІІІ орын – Әбдіғаппар Асия (5 В сынып), Жарқынбай Асылай, Қуат Жасмина (5 Д сынып), Нұржігіт Балерке (5 Ж сынып)

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: