"Мен жас маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және оларды қалай шештім" атты онлайн конференция » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мен жас маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және оларды қалай шештім" атты онлайн конференция
13
январь
2021

"Мен жас маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және оларды қалай шештім" атты онлайн конференция

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназияның "Ағылшын тілі" және "Қазақ тілі  мен әдебиеті" бірлестіктерінің  жас мамандары "Мен жас маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және оларды қалай шештім" атты онлайн конференция өткізді. 
Мақсаты: жас мамандардың кәсіби бейімделу процесі барысында жиі кездесетін проблемаларды айқындау және олардың шешу жолдарын ұсыну.
Конференция барысында жас мамандармен жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде жиі кездесетін проблемалар анықталып, оларды шешудің тиімді жолдары ұсынылды. Туындаған қиындықтардан шығу кезінде дұрыс шешім таба білу дағдысын қалыптастыру мақсатында ситуациялық рөлдік ойын ұйымдастырылды. Жас мамандар бұл тұрғыда тәжірибелі болмаса да, тығырықтан шыға білді. Конференцияның қорытынды бөлімінде жас мамандарға педагогикалық кеңестер берілді. 
Ұйымдастырушылар: 
Қазақ тілі пәні мұғалімі:
Тоқтарбаева Әсем
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері:
Жақанова Балжан
Есболат Толғанай
Советбек Дәния
Авезова Айнур
Мейырханқызы Елдана 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: