"Жаңашыл ұстаз - заман талабы" атты онлайн сұхбат » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жаңашыл ұстаз - заман талабы" атты онлайн сұхбат
14
январь
2021

"Жаңашыл ұстаз - заман талабы" атты онлайн сұхбат

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназияның "Орыс тілі мен әдебиеті" бірлестігінің жас мамандары "Жаңашыл ұстаз - заман талабы" атты онлайн сұхбат өткізді. Мақсаты: ғылым мен технологияның дамыған ғасырында жаңашыл, жан-жақты педагог болудың маңыздылығын және жаңа тұрпатты жас маманның кәсіби-іскерлік сапаларын айқындау.
Сұхбат барысында жаңашыл ұстаздың кәсіби-этикалық сапалары, педагогикалық қабілет және кәсіби құзіреттілік туралы толыққанды ақпараттар берілді. Оқушылардан білім беруші жас мамандарға деген көзқарастары және сабақ барысында пайдаланылатын технологияларға байланысты онлайн сұхбат алынды. Жас мамандармен кері байланыс ретінде ситуациялық сұрақтар ұйымдастырылды. Жалпы тақырып бойынша жас мамандар өз ойларымен кеңінен бөлісіп, жаңа білім алды. Ұйымдастырушылар: Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері:
 Серғазы Рабиға
Абдувалиева Наргиза 
Құлбек Айнур
Жұмақан Ұлдана
Абдулламит Меруерт 
Койшыгул Айдана

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: