«Электролиз» тақырыбында онлайн-ашық сабақ » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Электролиз» тақырыбында онлайн-ашық сабақ
19
январь
2021

«Электролиз» тақырыбында онлайн-ашық сабақ

Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназияның химия пәні мұғалімі, шебер-педагог Жұмаділова Роза Нұмұхамбетқызы 10 «г» сыныбы оқушыларымен «Электролиз» тақырыбында онлайн-ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ ғылымижаратылыстану пәндері апталығы аясында өтті. Сабақтың мақсаты: оқушылардың электролиз процесінің мәнін сипаттау және электролиздің қолданылатын салаларын білу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Сабақ материалын меңгеруге интербелсенді әдістер көмегімен сынып оқушылары толық қатыстырылды. Сонымен қатар сабақта физика, биология және география пәндерімен пәнаралық байланыстар, пәнішілік байланыстар, өмірмен байланыс (металлургия, химиялық өндіріс және медицина) азаматтық құндылықтар мен адамгершілікке тәрбиелеу өз орнында жүзеге асты. Ашық сабақта оқушылардың өз бетінше ғылыми әдебиеттер мен ғаламтор бетінен ізденіс жасап, жаңа материал бойынша толықтыру ретінде минилекциялар жасауы да айтарлықтай жетістік болады. Тәжірибелі ұстаздың өткізген онлайн ашық сабағы өз мақсатына жетті және жоғары дәрежеде өтті деп бағаланды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: