«Көңілді эстафеталық ойындар» » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Көңілді эстафеталық ойындар»
27
февраль
2021

«Көңілді эстафеталық ойындар»

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназисында «Эстетикалық пәндер» бірлестігі апталығының жабылуы және қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны- Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналып ұйымдастырылған «Көңілді эстафеталық ойындар» өтті. Эстафетаға мектебіміздің әр бірлестіктерінен құралған 7 команда қатысты. Эстафета төменгі турлардан тұрды:
1. Баскетбол добын таяқшамен жұптасып алып жүру.
2. Қасықтап су жинау.
3. Туннелден өтіп, секіртпемен секіру.
4. Топпен құрсаудан өтіп, шардағы сұрақтарға жауап беру.
5. Арқан тару.
Ойынға барлық мұғалімдер белсенді қатысып,көңілді көңіл күйде жүрді. Өз жылдамдықтары мен ауызбіршіліктерінің арқасында І-орынды Жаратылыстану(биология,география,химия пәндері) бірлестігі; 
ІІ-орынды МИФ(математика,информатика,физика пәндері) бірлестігі; 
ІІІ-орынды Тарих және өзін-өзі тану пәндері бірлестігі иеленді. 
Барша қатысқан ұстаздарға алғысымыз шексіз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: