13
март
2025
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ №176 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯДА
Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Әмірханқызы №176 мектеп-гимназиясына арнайы келіп, педагогикалық практикадан өтіп жатқан студенттердің ашық сабақтарына қатысты.
Ашық сабақ барысында болашақ педагогтар өздерінің шығармашылық әдістерін, заманауи оқыту технологияларын қолдану шеберлігін көрсетті. Студенттердің кәсіби дамуы мен шеберлігін арттыруға бағытталған бұл тәжірибе олардың болашақ мұғалім ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, Гүлмира Әмірханқызы «Жаратылыстану» факультеті ашқан педагогикалық сыныптың жұмысымен танысып, оның білім беру саласына қосар үлесін жоғары бағалады. Бұл сынып – оқушыларды ерте жастан педагогикалық бағытта дайындап, болашақ ұстаздық жолға бағдар беруді мақсат етеді.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен №176 мектеп-гимназиясының тығыз әріптестігі білім сапасын арттыруға және педагогикалық тәжірибені жетілдіруге бағытталған маңызды қадам!