Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ: ТӘЖІРИБЕ МЕН НӘТИЖЕ» ҚАЛАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР
28
январь
2025

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ: ТӘЖІРИБЕ МЕН НӘТИЖЕ» ҚАЛАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР

Ағымдағы жылдың 17-қаңтарында Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының педагогтері, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы әдіскерлері, Наурызбай аудандық білім бөлімі және Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушыларының қатысумен қалалық семинар өткізілді. Мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қолданылып жүрген табысты тәжірибелерді педагогтер арасында тарату, жаңа әдістемелерді қолдану тәжірибесімен бөлісу. Семинар мектебіміздегі қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі және қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, батыр Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы мерейтойы аясында өткізілді. Семинар 2 бөлімде ұйымдастырылды. Бірінші бөлімінде «Батырдың сөзі – ұрпаққа өсиет» атты әдеби қойылым қойылып, оған М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актерлері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бақтияр Қожа Абдуллаұлы және Асқарова Шынар Мұқанқызы қатысты. Ал екінші бөлімі 6 тәжірибе алаңында өз жалғасын тапты. Тәжірибе алаңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері коучинг, ашық сабақ пен тренинг өткізді. Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының филиалының жұмыс жоспары таныстырылды. Семинарда өз тәжірибесімен бөліскен педагогтер алғыс хатпен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: