10
октябрь
2024
«Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі өткізілді
10.10.2024 ж. республикалық «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі №176 мектеп-гимназияда өткізілді. Байқауға аудандағы 12 білім беру ұйымынан 51 оқушы 6 бағыт бойынша бақ сынасты. Байқаудың әділ бағасын беру үшін әділқазы алқасы Абай атындағы ҚазҰПУ, Филология факультетінің оқытушылары мен Әуезов ауданының қазақ тілі мен әдебиеті және музыка пәні мұғалімдері шақырылды.