11
ноябрь
2023
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР
Ағымдағы жылдың 11 қарашасында халқымыздың ұлттық құндылығы мен болмысы насихаттау мақсатында «Қазіргі өмір сүру кеңістігіндегі оқу процесінің ұлттық құндылықтары мен этнодизайны» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинар жұмысы Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы», Наурызбай ауданы Білім басқармасы, №176 мектеп-гимназиясы мен Қазақстан Этнодизайнерлер одағының бірлесуімен ұйымдастырылды. Ауқымды шараға Түркия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және еліміздің жоғары оқу орындарының оқытушылары мен республика көлеміндегі білім беру ұйымдарының көркем еңбек пәні мұғалімдері қатысты.Семинар жұмысына қатысуға 550 қолөнер шеберлері мен көркем еңбек пәнінің ұстаздары қатысуға өтініш білдіріп, республиканың 19 қаласынан онлайн түрде қатысты.
Семинар жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
-Пленарлық мәжіліс;
-Сән көрсетілімі;
-Шеберлік сабақтар;
-Көрме жұмысы.
Семинар жұмысының соңында баяндама жасап, шеберлік сабақтары, сән көрсетілімі мен көрме жұмыстарына белсенді қатысып, тәжірибесімен бөліскен қонақтар марапатталды. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау – бүгінгі заман талабы.
@oqu_agartu_ministrligi @otdel_obrazovaniya_nauryzbay @edualmaty @kusainova.s.a