Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ИННОВАЦИЯ, ТӘЖІРИБЕ, ДАМУ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІ» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді
16
февраль
2025

«ИННОВАЦИЯ, ТӘЖІРИБЕ, ДАМУ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІ» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді

«ИННОВАЦИЯ, ТӘЖІРИБЕ, ДАМУ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІ» 

халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді


15.02.2025 жылы қазақ тіл білімінің көрнекті қайраткері, филология ғылымдарының докторы, академик Сыздық Рәбиға Сәтіғалиқызының туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты – ғалымның еңбектеріндегі қазақ тілінің теориясы мен практикасына арналған зерттеу нәтижелерін қазіргі білім беру жүйесінде қолдану, халықаралық дәрежедегі оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен тәжірибелеріне негіздеу.

Халықаралық конференцияның алғы сөзі Наурызбай  ауданы Білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангелдіқызына берілді. Өз сөзінде конференцияның маңыздылығын атап өтіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен жаңа мүмкіндіктерге тоқталды.

Конференция жұмысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология факультетімен бірлескен түрде ұйымдастырылды. Конференцияға Түркия Республикасы Анкара университетінен, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институты, №176 мектеп-гимназия, №141 жббм, №169 мектеп-лицей, №182 және №208 мектеп-гимназия 250-ден астам мұғалімдері қатысты.

5 бағытта жүргізілетін халықаралық конференция материалдары 2 бөлімнен тұратын жинақ түрінде баспадан шығып, қатысушыларға ұсынылды. Қатысушыларға сертификаттар табысталды, ал өз тәжірибесімен бөлісіп, баяндама жасаған ұстаздарға арнайы алғыс хаттар табысталды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: