17
март
2025
"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ: ҰЛТТЫҚ РУХ – БІЛІМ ШАМШЫРАҒЫ" қалалық тәжірибе тарату семинары

Ағымдағы жылдың 17 наурызында №176 мектеп-гимназияда «ҰЛТТЫҚ РУХ – БІЛІМ ШАМШЫРАҒЫ» атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық тәжірибе тарату семинары жоғары деңгейде өтті!
Семинар мақсаты – ұлттық тәрбие мен білім беру үдерісін үйлестіре отырып, жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен құндылықтарды сіңіру.
Семинар жұмысына Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының педагогтері, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы әдіскерлері, Наурызбай аудандық білім бөлімі және «Өрлеу» БАҰО тренерлері қатысты.
Қатысушыларға «Анаға құрмет» музейі және Ы. Дүкенұлы атындағы ұлттық музыкалық аспаптар музейінен көрме ұсынылды.
Семинар барысында мұғалімдер өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық тәрбиенің мектеп бағдарламасындағы маңызы, оны тиімді жүзеге асыру әдістері талқыланды. Сонымен қатар, заманауи білім беру технологиялары мен инновациялық тәсілдер көрсетіліп, тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.