Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогикалық кеңес: «Сапалы білім, саналы тәрбие – ұстаздың миссиясы»
20
март
2025

Педагогикалық кеңес: «Сапалы білім, саналы тәрбие – ұстаздың миссиясы»

Педагогикалық кеңес: «Сапалы білім, саналы тәрбие – ұстаздың миссиясы»

Бүгін мектеп ұжымында кезекті педагогикалық кеңес өтіп, білім беру мен тәрбие сапасын арттыруға бағытталған маңызды мәселелер талқыланды.
🔹 Өткен педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы сараланып, алға қойылған міндеттердің жүзеге асу деңгейі бағаланды.
🔹 Аттестация – кәсіби даму мен жетістіктің көрсеткіші ретінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру жолдары мен олардың кәсіби өсуі талқыланды.
🔹 Кәсіби бағдар беру – оқушылардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беретін маңызды қадам екендігі айтылып, жаңа әдістер ұсынылды.
🔹 Мұғалім этикасы мен педагогикалық әдеп тақырыптарында ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығы, сенім мен құрмет негізінде қалыптасатын білім беру ортасы туралы пікір алмасу өтті.
🔹 Әртүрлі мәселелер бойынша мектеп жұмысының өзекті тұстары қарастырылып, шешу жолдары ұсынылды.
Жауапкершілікті сезініп, сапалы білім мен саналы тәрбиені ұштастыра білетін педагог – қоғамның басты тірегі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: