Ұсынылған оқу-әдістемелік материалдар, авторлық бағдарламалар бойынша тәжірибе жинақтау және тарату
2025 жылдың 10 қарашада №176 мектеп-гимназияда «Оқу-әдістемелік материалдар немесе бағдарламалар негізінде тәжірибені тарату» тақырыбында ZOOM платформасында қалалық вебинар өткізілді. Қалалық вебинарға Әуезов ауданының, Алатау ауданының және Наурызбай ауданының мектептерінен ұстаздар қатысты.
Вебинарда өз тәжірибесімен бөліскен педагогтер: бастауыш сынып мұғалімі Сатаева Нұрғайша Рахимжановна «Математиканы деңгейлеп оқыту», бастауыш сынып мұғалімі Маткаримова Дильбар Абибуллақызы «Жылдам оқу және шульте әдісі», қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кульпеисова Гульзайра Несипбековна «Мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру», қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бекжанова Жанна Казыгуловна «Ұлттық құндылықтар», дене шынықтыру пәні мұғалімі Шарипов Ербол Идрышевич «Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындардың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану», тарих пәні мұғалімі Мергенбаев Али Батырханұлы «Меценаттық пен қайырымдылықтың дәстүрлері мен тарихы», қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Игілік Қарақат «Оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша оқылым дағдысын дамытуға арналған әдістер мен тапсырмалар», дене шынықтыру пәні мұғалімі Аденов Жайдар Жапаркулович «Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындардың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану», бастауыш сынып мұғалімі Садиркулова Гулима Салкинбековна «Қызықты грамматика» тақырыбында өздерінің авторлық бағдарламаларымен педагогтерді таныстырды.

