Онлайн семинар » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Онлайн семинар
15
март
2021

Онлайн семинар

2021 жылдың 12 наурызы күні Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясының “Математика, информатика және физика” әдістеме бірлестігі “Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту формасы мен түрлерін сабақ барысында қолданылуын қадағалау” тақырыбында жас мамандар арасында онлайн семинар өткізді. Бұл онлайн семинардың маңыздылығы – жас маман тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сыни тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, жекелей және жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегияларын) қалыптастыруға бағыттау. Ұйымдастырушылар семинар барысында «Эйлер шеңбері» әдісін, сәйкестендіру стратегиясын, «Learning up» сайты және «Құпия жәшік» әдістерін қолданды.
Ұйымдастырушылар:
Бейсен Қарлығаш Абайқызы
Шынарбек Еркегүл
Серік Мөлдір Қайырболатқызы
Борисова Инара Самарқанқызы
Жасұзақ Ажар Ұзақбайқызы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: