"Қазақ поэзиясының Хантәңірі" атты әдеби-сазды поэзиялық кеш » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қазақ поэзиясының Хантәңірі" атты әдеби-сазды поэзиялық кеш
13
февраль
2021

"Қазақ поэзиясының Хантәңірі" атты әдеби-сазды поэзиялық кеш

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназиясында жас мамандардың қатысуымен ғасыр ақыны, миллион сырлы сезімнің иесі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдық мерейтойына орай "Қазақ поэзиясының Хантәңірі" атты әдеби-сазды поэзиялық кеш өткізілді. 

Мақсаты: Ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтің ақындық талантын жастардың жүрегіне ұялату, көрермендердің өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Мұқағали шығармалары арқылы туған жерін сүюге, махаббатты, сүйіспеншілікті, достықты бағалауға шақыру.

Кеш барысында жас мамандар таныстыру, «Поэзия! менімен егіз бе едің?» және «Әлі талай жыр болып жазыларсың...» атты кезеңдер бойынша сайысты. Ақынның өмірі мен шығармашылығы қайтадан жанданғандай әсерлі, сезімге толы кеш жоғары деңгейде өтті.

Бүгін менің туған күнім.

Ой, пәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: