"Мұқағали - поэзия әлемінің ақ, адал перзенті" » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мұқағали - поэзия әлемінің ақ, адал перзенті"
08
февраль
2021

"Мұқағали - поэзия әлемінің ақ, адал перзенті"

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназиясында М.Мақатаевтің 90 жылдық мерейтойына орай мектепішілік жоспарға сәйкес "Мұқағали - поэзия әлемінің ақ, адал перзенті" тақырыбында 1-11 сынып оқушыларымен бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

Қазақ әдебиетінің Хантәңірі шыңындай биік тұлғалы Мұқағали Мақатаев тірі болса, дәл бүгін 90 жасына толатын еді. Небары қырықтың бесеуінде мынау жарық дүниеден ғайып болып кете барған аяулы ақынның екінші мәңгілік жыр ғұмырының жалғасып келе жатқанына міне, 45 жыл болды. Туған Отанын, ыстық мекенін, елі мен жерін жанындай жақсы көріп кеткен ақын ғұмырының тым келте болғанына шын мәнінде жанымыз ауырады. Бүгінде ел – жұрты, тауындай тұлғалы, даласындай кең, бұлақтарындай тұнық, гүлдеріндей көркем мінезді ақынын жадынан шығарған жоқ. Мұқағалидың шын күйзеліс пен шын қуаныштан туған шуақты өлеңдері қалың оқырманының жүрегінде бірге жасасып келеді. #мұқағали90жыл

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: