Мектеп кітапханасының - 2012-2013 оқу жылындағы жұмысының есебі. » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп кітапханасының - 2012-2013 оқу жылындағы жұмысының есебі.
08
октябрь
2013

Мектеп кітапханасының - 2012-2013 оқу жылындағы жұмысының есебі.

Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі –мектеп кітапханасы. Егемен еліміздің ертеңі болар жас ұрапқтың білімін кеңейтіп, біліктілігін арттыруда мектеп кітапханасының да рухани қазына екені рас. Ол - мектептің жүрегі, ажырамас бір бөлігі іспетті. Мынау келген жаңа заман –компьютер заманы болғанымен, рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әр баланың бір қасиетті қара шаңырағы - кітапхана. Кітап - біздің рухани құндылығымыз, теңдесі жоқ байлығымыз. Өткен замандардың тереңінен сыр шертетін тарихы да, әдебиеті де осы кітап арқылы жетіп отырады.
Мақсаты:
 Қазақстан Республикасының жастар мен балаларды тәрбиелеудегі тәрбие процесіндегі барлық субьектілердің ерекшеліктерін қамтамасыз ету, өскелең ұрпақтарды тәрбиелеуде біртұтас әрекетті қалыптастыру. 
Міндеті:
1.Білім беру профиліне сәйкес жаңа және дәстүрлі бағыттағы әдебиеттер мен толықтыру.
2.Оқу процесінде керекті әдебиет, ақпараттар мен қамтамасыз ету.
3.Кітапхана, ақпаратқа деген оқырмандардың жан – жақты сұранысын қанағаттандыру, оларды оқуға тарту, ынталандыру.
4.Кітапты ұқыпты ұстап, ақпарат көздерін бүлдірмеуге үйрету, тәрбиелеу. 
«Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» бұл сөзде көп ойларды тоқуға болады. Мектеп кітапханасында ақпараттық коммуникациялық орталық жұмыс істеуде. Оқушылар мен мұғалімдер қосымша қажет материалдарын алып отырады. Қазіргі таңда мектеп кітапханасының қорында: 
қулықтар саны -38678 дана
Әдебиеттер саны - 1414дана
әдістемелер саны - 602 дана
Дидактика - 14401 
Электронды оқулықтар - 302

 Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету барысында жалпы оқушылардың 92% ті оқулықпен қамтамасыз етілді.
1-сыныпқа 100% - 120 комплект оқулық, 2 сыныпқа 95% - 131 комплект, 3 – сыныпқа 90% - 170 комплект, 4- сыныпқа 100% - 172 комплект, 5- сыныпқа 85% - 120 комплект, 6 – сыныпқа100% 180 комплект, 7- сыныпқа 100% - 200 комплект, 8 сыныпқа 100% 9 – сыныпқа 78% - 100 комплект, 10 –сыныпқа 100%- 85 комплект, 11 - сыныпқа 100% - 95 комплект оқулық таратылды. 
Мектепте 1941 оқушы болса соның 1596 - сы оқулықпен қамтамасыз етілді. Бірінші кезекте мектептегі жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар оқулықпен толығымен қамтамасыз етілді. 
 Мектеп кітапханасы –кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді сонымен қатар мұғалімдермен тығыз байланыста болып, әртүрлі іс-шаралар, байқаулар және кітап көрмелерін ұйымдастырып отырады. Мысалы , « Ұстазым ақылшым», «Темекі мен арақтың ағзаға тигізер әсері», «Абай-дана, Абай-дара қазақта», «Қазақстанға 20жыл», «Елбасы шығармаларына талдау», «Ана біздің гүліміз», «Бақ берекем, әз наурыз» т.б көптеген іс-шаралар жүргізіліп отырады.
 2011-2012 оқу жылында кітапханада жыл бойы төмендегідей көрмелер жұмыс істеді және тақырыптық папкалар жинақталынды мысалы:
1.Менің Отаным - Қазақстан».
2. «Ана тілі - қанатым».
3. «Қазақстанға 20 жыл».
4. «Рәміздерім мақтанышым».
5. «Адам құқықтары»
6. «Салауатты өмір салты»
7. « Астана елімнің ордасы».
 8. «Қыз өссе елдің көркі» 
 9. Мұғалімдер сіздер үшін
 
Сондай-ақ оқушыларға, ұстаздарға арнап, әр мейрамдарда кітап көрмелері де жасалынып, дайын материалдарды пайдалануға ұсынып отырдық. 
1- сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат жүргіздік, кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстырдық. Оқырман ретінде тіркеуге алдық. Оқыған ертегілері жайлы пікір алмастық.
1-5 сынып оқушылары ертегілер мен әдеби кітаптарды жаздырып алып оқиды. Жоғары сынып оқушылары кітапханаға үнемі келіп, жан-жақты саладағы барлық пәндерден рефераттар жазып, сабаққа дайындалады. 1 – 2 – 3 сынып оқушыларымен «Жолда жүру ережелері» тақырыбында әңгіме өткіздік. «Таң нұрында туған ұл» кітабымен бастауыш сынып оқушыларын таныстырдық. Осы кітап арқылы ҚР Президенті Н. Ә.Назарбаевтың балалық шағы мен баршамызға үлгі боларлық өмір жолы туралы айтып өтілді.
Тіл мерекесіне байланысты «Тіл ұлт қазынасы» атты кең тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Ұстаз мерекесіне арналған кітап көрмесімен бірге, 5 сынып оқушыларымен музыкалық кеш ұйымдастырылып, оқушылар өз өнерін көрсетті.
М. Мақатаевтың шығармашылығына қатысты «Бүгін менің туған күнім» атты мектепішілік кеш өткізілді. Кешке 9 б сынып оқушылары атсалысып, өз өнерлерін көрсетті. 
«Абай – дана, Абай - дара» атты әдеби кеште оқушыларға Абайдың 165 жылдығына орай шығармашылығы мен өмірінен мағлұмат беріп, өлеңдеріне насихат жасалды. Оқушылардың қара өлең оқу қабілеттерін шыңдап, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Тусипбекова Ә және Д. Байтуовамен бірлесе отырып ақын өлеңдерін насихаттадық. Қазақтың халық жазушысы М. Әуезовтың 115 жылдығын, Ғ. Мүсіреповтың туғанына 110 жыл толуына байланысты қазақ тілі пәнінің мұғалімі 
Есеналиева М, Байтуова. Д. бірлесе отырып 7,8 сынып оқушыларымен жазушының шығармаларына шолу жасалынды. Оқушылар жазушының өмірбаянымен және шығармаларымен танысты. Осындай шаралар оқушыларды кітап оқуға қызықтырып, оқыған кітабы жайлы ой қиялын дамытып, таным қаблеттерін арттыру үшін сұрақ- жауап арқылы пікір алмастық. «Кітап –сарқылмас рухани қазына» атты тәрбие сағатын
4 в - бастауыш сынып мұғалімі А. Ильясовамен бірлесіп өткіздік. 
Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетіннін, рухани байлыққа қол жеткізу жолында кітаптың маңызы, атқаратын ролі, пайдасы жайлы ұғындырдық.
Мектеп кітапханасы 100 мың теңгеге газет- журналға жазылды. Оның ішінде 
10 газет, 16 журнал.
 Кітапханаға мүше оқушылармен әр тоқсан сайын сыныптарға рейд жүргізіледі. Кітаптарды тарату, қабылдау кездерінде көмектеседі, кітаптардың тазалығын тексереді. Әр тоқсан сайын оқулықтардың таза ұсталуын қадағалау үшін тексерулер болып тұрады, «Кітапты қалай оқу керек », «Кітапты сақтау ережелері» атты стендттер жасалынды. «Жанұямызбен кітап оқиық», «Кітапты күтіп ұстай біл » тақырыбында бастауыш сынып оқушылармен әңгіме өткізілді.

Әр тоқсан сайын кітапханашылар оқулықтарды тексеру барысында 1-2- 3 – 4 сынып оқушылары кітапты күтіп ұстауы жағынан өте жақсы көрсеткішке ие болды, 6-7-8 сынып оқушылары жақсы көрсеткішке ие болды, 9-11 сынып оқушылары оқулықтарын толық әкелмегендіктен сынып жетекшілеріне ескерту жасалды Жеңілдік берілген оқушылар 100% оқулықтармен қамтамасыз етілді . 
Қорытынды: Жыл бойына мектепте жүргізілетін кітапхана жұмысының нәтижесіне қарап,оқушылардың кітапханаға келуіне мән беру.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: