«Жырлайды жүрек» тақырыбында ашық тәрбие сағаты » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жырлайды жүрек» тақырыбында ашық тәрбие сағаты
10
октябрь
2020

«Жырлайды жүрек» тақырыбында ашық тәрбие сағаты

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, № 176 мектеп-гимназиясында ақиық біртуар ақын Мұқағали Мақатаевтің туғанына 90 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Джакупова Гульнара Қалдықанқызының 5 «Д » сынып оқушыларымен «Жырлайды жүрек» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатының басты мақсаты: Мұқағали Мақатаевтің өмір жолымен, шығармашылығымен таныстыру. Ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын насихаттау. Ақын өлеңдерінің мәңгілік жыр қазына екенін ұғындыра отырып, оқушыларды өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға дағдыландыру. Ақын жырларынан үлгі алу. Тәрбие сағатына елімізге белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Бауыржан Момышұлы атындағы қызыл жұлдыз» орденінің иегері, Бақыт Беделхан Мұқағалидың «Өмір жайлы» өлеңін оқып, өзінің де нар тұлғалы ақынға сағынышын «Мұқағалиға арнау» өлеңімен жеткізді. Гульнара Қалдықанқызы да ақынның «Поэзия» атты өлеңін асқан шеберлікпен нақышына келтіре отырып оқыды. Тәрбие сағатының маңыздылығы-оған тек оқушылар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар да жұмыла қатысты. Ақын өлеңдерінен үзінділер оқылып, халық арасына кеңінен танылып үлгерген әндерін қосыла шырқады. Мұғалім өз тарапынан оқушылармен және ата-аналармен тығыз байланыс орната білді. Тәрбие сағатында мұғалімнің алдына қойған мақсаты жақсы деңгейде орындалып, сабақ жоғары дәрежеде өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: