Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 54
"Мәңгілік ел - мәңгілік тіл" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен  онкүндіктің ашылуы
18
сентябрь
2019
"Мәңгілік ел - мәңгілік тіл" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті
176 мектеп-гимназиясында "Мәңгілік ел - мәңгілік тіл" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен  онкүндіктің ашылуы өтті. Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, тілдің мемлекеттік мәртебесін көтеру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
«Технологиялық, мәдени және әлеуметтік мағынадағы  өзгерістерге дайын болу» тақырыбында өткізілген пікірталас сабағы
17
сентябрь
2019
«Технологиялық, мәдени және әлеуметтік мағынадағы өзгерістерге дайын
Балалар мен жастарды патриотизмге және еліміздің қаһармандық тарихына, ұлттық мәдениетке өздерінің де  қатысы бар екендігін  түсіндіре   тәрбиелеу маңызды істердің бірі болып табылады. №176 мектеп-гимназиясында Ұлттық сананы дамыта отырып, «Ел жастары» бағдарламасын насихаттау барысында сынып сағаттары өткізілді. «Технологиялық, мәдени және әлеуметтік мағынадағы  өзгерістерге дайын болу» тақырыбында өткізілген пікірталас сабағына оқшылар белсенді түрде қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Алманың атасы - Алматы қаласы.
14
сентябрь
2019
Алманың атасы - Алматы қаласы.
Алманың атасы - Алматы қаласы.  Мың жылдан аса тарихы бар қаламыз бүгін мерекесін ойдағыдай өткізіп жатыр. Наурызбай ауданы әкімі Санжар Тоғайдың ұйымдастыруымен ауданымызда байқаулар ұйымдастырылды. Қала қонақтары мен аудан тұрғындарына  тамаша күй сыйлап, көңілді өткізген мекемелердің қатарында №176 мектеп-гимназиямыздың еңбегі ерекше. «Аlma-fest» алмадан жасалған дизайндар арасында ІІ орын, «Алматым жүрегімде» атты мәнерлеп оқу сайысынан І орын алған оқушымыз Нұрахмет Алина көрермендер
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын талдау
13
сентябрь
2019
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын талдауға қатысты отырыс өткізілді. Жиналыс барысында мектеп басшысы Г.Е.Аденова Жолдауда көрсетілген негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Мұғалімдер солардың бірі ретінде көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, білім сапасын арттыру сияқты мәселер
Ұлдар жиналысы
12
сентябрь
2019
Ұлдар жиналысы
№176 мектеп-гимназиясында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, ұрлық, бопсалаудың алдын алу мақсатында 7-11 сынып ұлдарына мектеп инспекторының қатысуымен ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі, қылмыстың себебі мен салдары туралы түсіндіріп өтті. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын да айтып өтті.
«Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» атты бырыңғай бiлiм сабактары
04
сентябрь
2019
«Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» атты бырыңғай бiлiм сабактары
«Саналы ұрпак- жаркын болашак» атты бырыңғай бiлiм сабактары өткізілді.Мақсаты: Сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру мен тұрмыстық жемқорлықты жою,азаматтарға қолайлы жағдай туғызу мен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.  Тәрбие сағаттарында барлық сыныптар қамтылып,   оқушылар белсенді түрде қатысты.
1- қыркүйек  білім күніне орай салтанатты жиын
02
сентябрь
2019
1- қыркүйек білім күніне орай салтанатты жиын
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясында 1- қыркүйек  білім күніне орай салтанатты жиын болды. Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, Отан алдындағы борышын адал атқаруға тәрбиелеуді көздейтін дәстүрлі мереке «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында өткізілді. Жиын барысында «Адал ұрпақ» еріктілер клубына оқушылар қабылданып, аудан әкімі Тоғай Санжар Әділұлы оларға куәлік табыс етті. Сондай – ақ салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы Жомартбай Гүлмира
«Педагогикадағы жаңаша көзқарас: тәжірибе мен нәтиже» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді
12
ноябрь
2024
«Педагогикадағы жаңаша көзқарас: тәжірибе мен нәтиже» атты қалалық
Ағымдағы жылдың 12 қарашасында №176 мектеп-гимназияда «Педагогикадағы жаңаша көзқарас: тәжірибе мен нәтиже» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинарға Алматы қаласы білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен оқытушылар және білім беру ұйымдарының 300-ге жуық педагог қатысты.  Семинарда 2023 жылы қолға алынған «TEDx таратуға лайықты идеялар» жобасы аясындағы жұмыс
«Отбасы – ұлттың тірегі» атты аудандық отбасылық  спорттық сайыс өткізілді
19
октябрь
2024
«Отбасы – ұлттың тірегі» атты аудандық отбасылық спорттық сайыс
19.10.2024 ж. күні еліміздің Республика күні  мерекесіне орай Алматы қаласы, Наурызбай ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес №176 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Отбасы – ұлттың тірегі» атты аудандық отбасылық  спорттық сайыс өтті.
«Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі өткізілді
10
октябрь
2024
«Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі өткізілді
10.10.2024 ж. республикалық «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі №176 мектеп-гимназияда өткізілді. Байқауға аудандағы 12 білім беру ұйымынан 51 оқушы 6 бағыт бойынша бақ сынасты. Байқаудың әділ бағасын беру үшін әділқазы алқасы Абай атындағы ҚазҰПУ, Филология факультетінің оқытушылары мен Әуезов ауданының қазақ тілі мен әдебиеті және музыка пәні мұғалімдері шақырылды.