02
март
2021
«БОЛЫМДЫ ЖӘНЕ БОЛЫМСЫЗ ЕТІСТІК» тақырыбында пысықтау сабағы


176 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақпаев Ерлан 3 "Ә"сынып оқушыларымен қазақ тілінен «БОЛЫМДЫ ЖӘНЕ БОЛЫМСЫЗ ЕТІСТІК» тақырыбында пысықтау сабағын өтті. Ашық сабақ ойын түрінде жүргізілді. «Алтын сақаны» табу үшін оқушылар үш қақпада жасырылған тапсырмаларды сәтті орындап шықты. Жасырын санды сөздер мен жаңылтпаштарды, жұмбақтарды қатыстыра отырып ішінен болымды етістіктерді және болымсыз етістіктерді тауып, талқылау жүргізді. Балалар өте керемет белсенділік танытып, қызыға қатысып отырды. Сабақ тақырыбы ашылды. Оқушылар сабақты пысықтау кезеңдерін сәтті меңгеріп шықты.