04
март
2021
"Фариза - поэзия падишасы" тақырыбында ашық сабақ


176 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жақсылықова Бағлан 9 "Е" сынып оқушыларымен "Фариза - поэзия падишасы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін талдау. Сабақ барысында мұғалім психологиялық ахуал қалыптастыра отырып, өткен сабақтарды "Алты қалпақ" әдісі бойынша пысықтады. Жаңа сабақ барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша бейнабаяндар көрсетіліп, ақын өлеңдерінен үзінділер талданды. Сонымен қатар "Қар кесегі" әдісі бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылды. Оқушылар сұрақтарға белсенділік танытып, жауап берді. Сабақтың соңында М.Мақатаевтың сөзіне жазылған "ФАРИЗА ҚЫЗ" әнін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның ұстазы, доцент, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші ЕРКІН ШҮКІМАНОВ нақышына келтіре орындап, ерекше әсерге бөледі. Сабақ жоғарғы деңгейде өтті.