“Ойы жүйрік оқушы” атты онлайн интеллектуалды ойын
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназиясында 5 ақпанда “Ғажайып жетілік” тобының жетекшілері Атагелдиева Айгерім, Дүншебаева Арай, Дарубай Арайдың ұйымдастыруымен 3-сынып оқушылары арасында “Ойы жүйрік оқушы” атты онлайн интеллектуалды ойын өткізілді.
Мақсаты: дарынды оқушылардың қабілетін ашу, ой-өрісін, дүниетанымдарын кеңейту, алған білімдерін пайдалану, топта озып шығуға дағдыландыру.
Ойын 3 кезеңнен тұрды:
1-кезең: “Ребус шеше білесің бе?” Оқушылар кубизм әдісімен ребус шешті.
2-кезең: “Кім тапқыр?” Шаршы ұяшығында берілген әріптерден сөз құрады.
3-кезең: “Жұмбақ шешу” болды.
Осы кезеңдердің қорытындысы бойынша:
1-орын: 3 “В” сынып оқушысы Бүркітбай Аяна және 3 “Д” сынып оқушысы Бекбосынова Кәусар
2-орын: 3”Б” сынып оқушысы Амантай Жанель
3-орын: 3”Ж” сынып оқушысы Тоқан Дарын