«Білім бәйгесі» сайысы
Алматы қаласы,Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназиясында 30 қаңтар күні «Ғажайып жетілік» тобының жетекшілері Мотаева Айгерім мен Шынарбек Еркегүлдің ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында «Білім бәйгесі» сайысы өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың қоғамдық белсенділіктерін дамыту және білім деңгейін арттыру, зияткерлік деңгейін жетілдіру, шығармашылық әлеуетін ашу, дарынды, белсенді оқушыларды анықтау. Сайыс 2 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде Quizizz платформасында берілген тест сұрақтарына жауап беріп, жоғарғы ұпай жинаған жеті оқушы 2-кезеңге өтті. 2-кезеңде ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап берді. Нәтижесінде 8 "Ә" сынып оқушысы Қуат Аружан 1-орынға, 8 "А" сынып оқушысы Кадыр Айбол 2-орынға, 8 "Б" сынып оқушысы Ернурулы Нурдаулет 3-орынға ие болды. Белсенділік көрсетіп, сайыстың қызықты да тартысты өтуіне атсалысқан оқушыларымызға алғыс білдіреміз!