«Тұғыры биік - Тәуелсіздік» » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тұғыры биік - Тәуелсіздік»
15
декабрь
2020

«Тұғыры биік - Тәуелсіздік»

Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына арналған, бізге тәуелсіздік туын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танымал еткен 1986 жылғы оқиға екені бәрімізге мәлім. Содан бері арада қаншама жылдар өтсе де, желтоқсанның ызғары – әрбір қазақтың бойын суық мұздай қарып, жанын жаралап, ұмытылмас тарихы терең оқиғаға арналған еді.      Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, 14 желтоқсан күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Мотаеваның ұйымдастыруымен, «Тұғыры биік - Тәуелсіздік» тақырыбында, 8-сынып оқушыларын қатыстыра отырып, еркіндік пен бостандық үшін күрескен, желтоқсан оқиғасының куәгерлері – Шолпан Саматқызы және Айгүл Тұрағұлқызымен онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында, әпкелеріміз сол кездегі көтерілісті сиапттап, Тәуелсіздіктің оңай келмегенін айта отырып, кез келген жас өреннің жүрегінде Отанға деген, елге деген қасиетті құрмет, шынайы сүйіспеншілік болу керек екенін айтып өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: