Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
22
май
2021

Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №176 мектеп – гимназиясында Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысын 2021 жылғы 22 мамырда өткізді.
Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының мақсаты – ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2021-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету және ата-ананың педагогтермен жеке сөйлесуі арқылы баланың үлгеріміне егжей-тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік беру.
Жиналыс мектеп директоры, мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагог, психолог қатысуымен өтті. Жиналыс барысында балалардың оқу үлгерімі, оқу-тәрбие процесіндегі қиындық мәселелері қаралды. Мектеп директоры Г.Аденова ата-ана, оқушы, мұғалім, мектеп әкімшілігі шеңберінде әрдайым кез келген мәселені бірге шешуге шақырып және әрдайым қолдан келген көмекті жасайтынын айтты. Ата-аналарға балалардың өмір қауіпсіздігі, жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздік шаралары жөнінде нұсқаулық берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: