№1 жалпы ата-аналар жиналысы » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №1 жалпы ата-аналар жиналысы
21
октябрь
2020

№1 жалпы ата-аналар жиналысы

2020 жылдың 21 қазан күні Алматы қаласы Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясында №1 жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде қашықтан оқу форматының ұйымдастырылуы мен атқарылған іс-шаралар және 2020 жылдың І, ІІ, ІІІ тоқсанына бөлінген қаржыға есеп беру мәселелері қарастырылды. Жиналыс ЗУМ платформасы арқылы 1-11 сынып ата-аналарының және сынып жетекшілердің қатысуымен өткізілді. 

Жиналыс барысында, мектеп-гимназия директоры Г.Е.Аденова оқушыларды қашықтан оқыту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет есебінен және қайырымдылық қорынан берілген қайтарымсыз жабдықтарды үлестіру бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Осы орайда «Қамқорлық» акциясы барысында атсалысып, көмек ұйымдастырған барша ата-аналар мен «Қамқоршылық кеңес» мүшелеріне де алғыс білдірілді. Сондай-ақ, қашықтан ұйымдастырылып жатқан түрлі іс-шаралар мен жеткен жетістіктеріміз туралы ата-аналарды хабардар етті. 2020 жылдың І, ІІ және ІІІ тоқсанына бөлінген қаржыға да толықтай есеп беріп, кесте түрінде ата-аналардың назарына ұсынды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: