«Алматының жыл мұғалімі» байқауы » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алматының жыл мұғалімі» байқауы
27
март
2021

«Алматының жыл мұғалімі» байқауы

Наурыз айында №176 мектеп-гимназияда мектепішілік «Алматының жыл мұғалімі» байқауы өтті. Жыл мұғалімін анықтау мақсатында мектепішілік байқауға әдістемелік бірлестіктің атынан ұсынылған 6 мұғалім қатысты.Олар:
1. Аблемитова Зарина Аблемитовна – ағылшын тілі пәні мұғалімі
2. Дуншебаева Арай Сейтакыновна – бастауыш сынып пәні мұғалімі
3. Кулирбекова Эльвира Абаевна – информатика пәні мұғалімі
4. Бекжанова Жанна Казыгуловна – қазақ тілі мен әдебиеті
5. Гулиева Гульшан Смаиловна – география пәні мұғалімі
6. Орманова Ақбаян Мусақызы – көркем еңбек пәні мұғалімі
Байқау тапсырмаларына сай қатысушылардың І турда – портфолиолары зерделенді.
II турда – «Менің инновациялық педагогтік тәжірибем» айдарымен мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы болды. Таныстырылым ұзақтығы – 10 минуттан 
  III тур – «Сабағым – мұғалімнің кәсіби тұжырымымның айнасы» айдарымен мұғалімнің өзінің таныстырылымында баяндаған тұжырымдама негізінде сабақ берді. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут. (онлайн)
 IV тур – «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді. 
Әділ қазылардың шешіміне сай мынандай орындар тағайындалды: 
I орын – Кулирбекова Эльвира Абаевна – информатика пәні мұғалімі
II орын – Бекжанова Жанна Казыгуловна – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
III орын – Дуншебаева Арай Сейтакыновна – бастауыш сынып мұғалімі
Орын алған жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Ал I, II орын алған жеңімпаздар аудандық «Алматының жыл мұғалімі » байқауына ұсынылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: