Ақпарат » Страница 18 » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 18
Республикалық “Ozattar”-білім саласы үздіктерінің энциоклопедиясы” жинағы
16
февраль
2022
Республикалық “Ozattar”-білім саласы үздіктерінің энциоклопедиясы”
Алматы қаласы Наурызбай ауданы 176 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Абдыкаликова Шаруан Захаровна, ағылшын пәні мұғалімі Адасханова Жайна Кайратовна, Алдиева Жадыра Мейрамбековна Озат педагогтардың есімін баспа және бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Республикалық “Ozattar”-білім саласы үздіктерінің энциоклопедиясы” жинағына еніп, білім саласының үздік қызметкері қатарынан көрінгені үшін құрмет грамотасы мен “Қазақстан ұстазы” төсбелгісімен
Ауған соғысынан Кеңес әскерінің шығарылғанына 33 жыл толуына орай “Ауғанстан-біздің есімізде” тақырыбында сынып сағатын өткізді.
15
февраль
2022
Ауған соғысынан Кеңес әскерінің шығарылғанына 33 жыл толуына орай
Алматы қаласы Наурызбай ауданы 176 мектеп-гимназиясының 11 “В” сыныбы ақпан айының 15-і күні Ауған соғысынан Кеңес әскерінің шығарылғанына 33 жыл толуына орай “Ауғанстан-біздің есімізде” тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу
9 сынып оқушыларының арасында Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына орай “ Поэзия, менімен егіз бе едің?” тақырыбында челлендж ұйымдастырылды.
15
февраль
2022
9 сынып оқушыларының арасында Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына орай
Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясында мектебіміздегі дарынды балаларға арналған “Ғажайып жетілік” ұйымының ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларының арасында Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына орай “ Поэзия, менімен егіз бе едің?” тақырыбында челлендж ұйымдастырылған болатын. Мақсаты: М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру. Нәтижесінде: 9 “В” сынып 1 орын 9 “Б” сынып 2 орын 9 “Ә” сынып 3 орынды иеленді.
"Үздік авторлык бағдарлама"байкауының қалалық кезең
14
февраль
2022
"Үздік авторлык бағдарлама"байкауының қалалық кезең
Алматы қаласы "Дарын" дарынды және талантты балалар мен жасөспірімдерді анықтау мен қолдау орталығының республикалық ұйымдастыруымен өткізілген "Үздік авторлык бағдарлама"байкауының қалалық кезеңіне Алматы қаласы 176 мектеп-гимназияның жоғары санатты музыка пәні мұғалімі Маханбетова Жеңіскүл Шахзадақызы 3- орынды иеленді Қуттықтаймыз!!!
Кеңес Одағының батыр қызы - Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арнап 10”А” сынып оқушыларының дайындаған бейнеролигі.
13
февраль
2022
Кеңес Одағының батыр қызы - Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арнап
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында Кеңес Одағының батыр қызы-Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арнап 10”А” сынып оқушыларының дайындаған бейнеролигі. Мақсаты: Аты аңызға айналып, ерлік ісі барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың қызы Мәншүк Маметованың Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі, өнеге ету.Оқушыларды ерлікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. View this post on Instagram A post
«Директорлық сенбі - ата-ана үні» тақырыбында 9-10 сыныптың ата-аналарымен онлайн кездесу өткізілді.
12
февраль
2022
«Директорлық сенбі - ата-ана үні» тақырыбында 9-10 сыныптың
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №176 мектеп-гиназиясында 2022 жылдың 11 ақпан күні «Директорлық сенбі - ата-ана үні» тақырыбында 9-10 сыныптың ата-аналарымен онлайн кездесу өткізілді. Мақсаты: ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу барысында құқық бұзушылықтар мен өзін-өзі бұзатын мінез-құлықтың алдын-алу бойынша тиімді көмек көрсету. Сондай-ақ қарым-қатынас пен өзара әрекеттесуге байланысты психологиялық-педагогикалық қолдау көрсете отырып, «Мектеп-бала-ата-ана» өзара байланыс
4-ші сыныптар арасында интеллектуалды сайыс өтті.
12
февраль
2022
4-ші сыныптар арасында интеллектуалды сайыс өтті.
Ақпан айының 11 күні 4-ші сыныптар арасында интеллектуалды сайыс өтті. Мақсаты: Оқушылардың тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін, пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру. Сайыс нәтижесі бойынша: 1- орын 4”Г” сынып 2-орын 4 “Д” сынып 3-орын 4 “Ж” сынып
11 -сынып оқушылары арасында «Тарих- ғасырлар куәсі» атты сайыс сабағы өтті.
11
февраль
2022
11 -сынып оқушылары арасында «Тарих- ғасырлар куәсі» атты сайыс
11 ақпан күні қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігі аясында тарих пәнінің мұғалімдері Молдашова С.М. мен Шаирова А.Е. ұйымдастыруымен 11 -сынып оқушылары арасында «Тарих- ғасырлар куәсі» атты сайыс сабағы өтті. Мақсаты:жоғарғы сынып оқушыларының өзара сайыста жылдам ойлау, тез шешім қабылдау, өз пікірін жеткізе білу бойынша дағдыларын қалыптастыру. Ел ертеңі жастарды ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу. Сайыс қорытындысы бойынша 11”Г” сынып оқушысы Сейлбек Аружан-І
“Сен өз тарихыңды білесіңбе?" тақырыбында онлайн іс-шара өткізді.
11
февраль
2022
“Сен өз тарихыңды білесіңбе?" тақырыбында онлайн іс-шара өткізді.
10.02.2022 күні тарих пәні мұғалімі Қамысбек Гүлзат Нұрмаханбетқызы 5 сыныптар арасында “Сен өз тарихыңды білесіңбе?" тақырыбында онлайн іс-шара өткізді. Ресурстар: Zoom платформасы, WhatsApp желісі,Quizizz, LearningApps сервистері. Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойлау жылдамдықтарын, дүниетанымдарын, ой-өрістерін дамыту, тарих пәніне қимыл –қозғалыс ойындары арқылы қызығушылықтарын арттыру.
"Ұшқыр ой мен шешен тіл" атты интеллектуалды сайыс өтті.
11
февраль
2022
"Ұшқыр ой мен шешен тіл" атты интеллектуалды сайыс өтті.
Ақпан айының 10 күні 3-сыныптар арасында "Ұшқыр ой мен шешен тіл" атты интеллектуалды сайыс өтті. Мақсаты:-оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын , танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Сайыс нәтижесі бойынша: 1 орын 3 "Д"сынып 2 орын 3"З" сынып 3 орын 3"Б" сынып