«Мектеп оқушыларын сапалы теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз етудің 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспа » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп оқушыларын сапалы теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз етудің 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспа
14
апрель
2022

«Мектеп оқушыларын сапалы теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз етудің 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспа

Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні Наурызбай ауданы бойынша «Мектеп оқушыларын сапалы теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз етудің 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес ZOOM платформасы арқылы онлайн семинар өтті.
Семинарға Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы Серикова Дидар Сериковна, аудан мектептерінің директорлары, әлеуметтік педагогтар және ата-аналар қатысты.
Семинарда мектебіміздің әлеуметтік педагогы Қараш Айым «Жалпыға бірдей білім беру қорынан оқушыларды бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтудың ұйымдастырылуы» тақырыбында мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу, ыстық тамақ менюі, 2022-2023 оқу жылына жоспарланған бір реттік тегін ыстық тамақпен қамту кестесі туралы баяндады.
«Жалпыға бірдей білім беру қорынан ыстық тамақтың ұйымдастырылуы» тақырыбында Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы Дидар Сериковна түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: