Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Алтын жүрек" атты республикалық балалар шығармашылығы фестивалі
13
февраль
2021
"Алтын жүрек" атты республикалық балалар шығармашылығы фестивалі
"Бөбек - ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткен "Алтын жүрек" атты республикалық балалар шығармашылығы фестиваліне қатысып, сурет байқауы бойынша №176 мектеп-гимназиясының оқушысы Уақпаева Анна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз! Жетекшісі: Тойбазарова С.
"Алтын асық" олимпиадасы
11
февраль
2021
"Алтын асық" олимпиадасы
Алматы қаласы "Зерделі ақыл-ой дамыту орталығы" және №176 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен өткен 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен "Алтын асық" олимпиадасына қатысып, №176 мектеп-гимназия оқушылары жүлделі І,ІІ және ІІІ орын иегерлері атанды. Білімді ұрпақ - жарқын болашықтың кепілі. Бағындырар белестеріңіз көп болғай!
"Мұқағали - мәңгілік жыр!" ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы
11
февраль
2021
"Мұқағали - мәңгілік жыр!" ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай Наурызбай аудан жастарының арасында өткен "Мұқағали - мәңгілік жыр!" ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауында І орынға ие болғаны үшін №176 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Бағашар Али марапатталды. Өнегелі жастардың арқасында Мұқағали поэзиясы мәңгілік болмақ!  Шәкірттеріміздің шығармашылығы шыңдала берсін!
“Биоэнергетикалық қондырғының негізгі параметрлерін анықтау” ғылыми жоба
10
февраль
2021
“Биоэнергетикалық қондырғының негізгі параметрлерін анықтау” ғылыми
Қалалық “Зерде” ғылыми жобалар конкурсында Наурызбай ауданы 176 мектеп-гимназияның оқушысы жүлделі орынға ие болды.  “Физика, техника” секциясы бойынша 7”А” сынып оқушысы Толқынбай Баян  “Биоэнергетикалық қондырғының негізгі параметрлерін анықтау” ғылыми жобаны қорғап, Алматы қаласы Білім басқармасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталады.  Жауапты жетекшісі: физика пәні мұғалімі Жасұзақ А.Ұ.  Құттықтаймыз!!!
Джиу-джитсуден қалалық чемпионаты
02
февраль
2021
Джиу-джитсуден қалалық чемпионаты
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназиясының жас спортшысы Манап Алан Джиу-джитсуден қалалық чемпионатқа қатысып, жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталды. Болашақта халықаралық ареналарды бағындыра бер, чемпион! 
"Кім мықты?" интеллектуалдық сайысы
08
декабрь
2020
"Кім мықты?" интеллектуалдық сайысы
           176  мектеп - гимназияның  8- сынып   оқушылары   мен   ата - аналары  " Хабар "  телеарнасында   ұйымдастырылған  " Кім   мықты ?"  интеллектуалдық   сайысына   үлкен   дайындықпен   барып ,  қызықты   да   тартысты   сайысқа   қатысып   қайтты . 6  кезеңнен   тұратын   сайыста   оқушылар   командасы  29  ұпай   жинады .  Ал    ата - аналар   командасы  30  ұпай    жинап ,  жеңімпаз   атанды .  Білім   мен   тапқырлықты ,  ұшқыр   ой   мен   жылдамдықты   қажет   ететін   сайыс  
"Кёкушинкай-каратэ" қалалық чемпионаты
05
декабрь
2020
"Кёкушинкай-каратэ" қалалық чемпионаты
Алматы   қаласы ,  Наурызбай   ауданы , №176  мектеп - гимназиясының  2 " Г "  сынып   оқушысы   Болат   Іңкәр   Бүкілқазақстандық  " Кёкушинкай - каратэ "  ұйымының   Тұңғыш   Президент   күніне   орай   ұйымдастырған   қыздар   арасындағы  7  жас   категориясы   бойынша  " Кёкушинкай - каратэ "  қалалық   чемпионатына   қатысып ,  жүлделі   І   орынға   ие   болды .  Бүлдіршінімізді   жеткен   жетістігімен   шын   жүрегімізбен   құттықтаймыз !