Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әріптестеріміз қалалық STEM HACKATHON командалық сайысында ІІ орын иеленді
03
декабрь
2024
Әріптестеріміз қалалық STEM HACKATHON командалық сайысында ІІ орын
Ағымдағы жылдың 03 желтоқсанында Алматы қаласы, Әуезов ауданы №202 мектеп-гимназияда өткен қалалық STEM HACKATHON командалық сайысында «Төрттік үйлесім» командасы ІІ орын иеленді. Команда құрамында: Ахметжанов Д. (информатика), Қалданов Н. (география), Фархад Б. (физика), Айтбай Д. (химия). 
Директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ТӨЛЕГЕНОВ Абылай КөпбергенұлыОқу-ағарту министрінің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды
27
ноябрь
2024
Директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ТӨЛЕГЕНОВ Абылай
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ТӨЛЕГЕНОВ Абылай Көпбергенұлы жаңа форматтағы көшбасшыларды даярлауға арналған "Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы" бағдарламасы бойынша республикалық кадр резервіне енді. 2024 жылдың 26-27 қарашасында Астана қаласында Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсенбаев республика бойынша 376 резервистке сертификат табыстады. Абылай Көпбергенұлы да осы үміткерлер қатарында сертификат иеленді. Сонымен қатар жобаны оқытуда ерекше белсенділік  танытқаны үшін
Әріптестеріміз аудандық «CLIL кіріктірілген сабақтар» фестивалінде І орын иеленді
19
ноябрь
2024
Әріптестеріміз аудандық «CLIL кіріктірілген сабақтар» фестивалінде І
19.11.2024 ж. аудандық «CLIL кіріктірілген сабақтар» фестивалінде физика пәні мұғалімі Фархат Бехруз, биология пәні мұғалімі Нұралы Балнұр және химия пәні мұғалімі Айтбай Динара қатысып, жүлделі І орын иеленді. Фестивалге «Smart Class: ыңғайлы оқу ортасына арналған заманауи технологиялар» жобасын ұсынды.
«Атамекен» дебат клубының жетекшісі Қалданов Нұржан «Үздік тәлімгер» номинациясымен марапатталды
13
ноябрь
2024
«Атамекен» дебат клубының жетекшісі Қалданов Нұржан «Үздік тәлімгер»
Алматы қаласы 9-11(12) сынып оқушылары арасында WSDC форматы бойынша өткен Республикалық пікірсайыс турнирінің аудандық іріктеу кезеңінде «Атамекен» дебат клубының жетекшісі Қалданов Нұржан «Үздік тәлімгер» номинациясымен марапатталды.
Әріптесіміз "Бабалар аманаты " жобасының ІІ орын иегері
13
ноябрь
2024
Әріптесіміз "Бабалар аманаты " жобасының ІІ орын иегері
Жыл сайын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткізілетін "Бабалар аманаты " жобасы аясында өткізілген Махмұд Қашқаридің 995 жылдығына арналған "Шешендік өнер" әдеби сайысының аудандық кезеңінде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Игілік Қарақат қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді.  
Әріптесіміз «Адал ұстаз – 2024» байқауының ІІІ орын иегері
01
ноябрь
2024
Әріптесіміз «Адал ұстаз – 2024» байқауының ІІІ орын иегері
01.11.2024 жылы Наурызбай ауданы білім беру ұйымдары педагогтері арасында «Адал ұстаз – 2024» байқауы өткізілді. Байқаудың аудандық кезеңіне география пәні мұғалімі Бермашева Гүлназ Темірбекқызы қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.
Әріптесіміз «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» байқауының ІІ орын иегері
17
октябрь
2024
Әріптесіміз «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» байқауының ІІ орын
Ағымдағы жылдың 17 қазанында Наурызбау ауданы білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» байқауы өткізілді. Байқауға мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Кенжехан Ернар Ерболұлы қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді. 
ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
02
август
2024
ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Құрметті, ЖАС ТҮЛЕК 2024! Грант иегерлері атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгін мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды. Алматы қаласы Наурызбай ауданы №176 мектеп- гимназия түлектері мектебімізді өз жетістіктерімен қуантып, грант иегерлері қатарынан көрінді. Биыл мектебімізден 99 түлек ұясынан ұшқан болатын, соның 2-і шет елге жолдама алса, 43 түлек ЖОО-ның грант иегерлері атанды. Түлектер оқуға түсіп, ата-ана мен ұстаз үмітін ақтады, барлық түлектерге сәттілік тілейміз.
Ғылыми жоба "Тик ток" әлеуметтік желісінің зияны
20
февраль
2024
Ғылыми жоба "Тик ток" әлеуметтік желісінің зияны
Наурызбай ауданы, №176 меткеп-гимназиясының 8 "Д" сынып оқушысы Куттыгалиева Адия "Тик ток" әлеуметтік желісінің зияны қоғамға әсер етеді тақырыбында жоба қорғауда Ақпараттың қарыштап дамыған заманында ақпараттық гигиенаның болмауы әлеуметтік проблемаңа айналды. Қазіргі жасөспірімдер ақпаратты қысқа-нұсқа түрінде алуда. Осындай мәліметтерді 15 секундқа сыйдырып көрсетуге негізделген «Тик ток» әлеуметтік желісінің зияны қоғамда белең алып келеді.
№176 мектеп-гимназияның 2012-2013 оқу жылында жеткен жетістіктері туралы қысқаша мәлімет
01
апрель
2014
№176 мектеп-гимназияның 2012-2013 оқу жылында жеткен жетістіктері
№176 мектеп-гимназияның 2012-2013 оқу жылында жеткен жетістіктері туралы қысқаша мәлімет №176 мектеп-гимназия ұжымы биылғы оқу жылында біраз жетістіктерге қол жеткізді. 11 сынып оқушылары Халықаралық ғылыми жоба байқауларына қатысты: Орынбасарова Назым ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» тақырыбында 2013 3-7 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында өткен Х/қ ғылыми жобалар конкурсына (жетекшісі Құныпияева Ш) қатысса, ал Омарханова Арай «Математикадан Еуропалық студенттердің /EURO MATH
Назад 1 ... 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Вперед