"Өлең сөздің патшасы - сөз сарасы" атты Халықаралық байқауы
Абай – алты алаштың темірқазығы. Хәкімнің шығармалары өміршең. Ұлы ақынның мол мұрасына үңілсеңіз, қазақтың өткені, бүгіні мен ертеңін көресіз. Кемеңгер ойшыл қазақты сынау арқылы руханияттың кенжелеп қалғанын, бастауды қайдан алу керектігін, ұлт болып ұйыса білудің жолын көрсетеді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткен "Өлең сөздің патшасы - сөз сарасы" атты Халықаралық байқауына шәкірт тәрбиелеп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өскелең ұрпағымыздың рухани-адамгершілік және