Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Математика пәнінен Республикалық "Алтын сақа"  олимпиадасының кезекті VII аудандық кезеңі
12
ноябрь
2021
Математика пәнінен Республикалық "Алтын сақа" олимпиадасының кезекті
Математика пәнінен Республикалық "Алтын сақа" олимпиадасының кезекті VII аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша 176 мектеп - гимназияның 5"ә"сынып оқушысы Асылбек Иманғали II орын, жетекшісі Әбдіманап Жомарт Нұрланұлы, 6 "ә" -сынып оқушысы Сәиднәсім Шерхан II орын, жетекшісі Шынарбек Еркегүл, 6 "Ж" сынып оқушысы Орал Ерасыл жетекшісі Бекжигитова Манаткул Тунгушбековна I орынға ие болып, арнайы дипломдармен марапатталды.
"ASYL USTAZ"
05
июнь
2021
"ASYL USTAZ"
""Өркен" Ғылыми-зерттеу және шығармашылық идеялар қоры" Қоғамдық қоры "ASYL USTAZ" Қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұйымдастырған оқушылар мен колледж студенттеріне арналған "OLIMPIADA-2021" атты Республикалық пәндік олимпиадасына ат салысып, жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін, білімді ұстаз, білікті маман ретінде ел тізгінін ұстар, ұлтжанды ұрпаққа тәлімді тәрбие беріп, жан-жақты дамытуға қосқан еңбектері үшін Алматы қаласы Білім
"Ұстаз еңбегі"
21
май
2021
"Ұстаз еңбегі"
Республикалық "Ұстаз еңбегі" атты ғылыми-әдістемелік жинағына ең үздік мақала жариялағаны үшін және Қазақстан Республикасының өркендеп дамуы жолында ағартушылық қызметімен , жас ұрпаққа саналы білім, сапалы тәрбие берудегі ұйымдастырушылық, іскерлік қабілеті үшін Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясының жоғары санатты музыка пәнінің мұғалімі Жеңіскүл Маханбетова марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!
«Алматының жыл мұғалімі 2021»
17
май
2021
«Алматының жыл мұғалімі 2021»
Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына орай аудандық «Алматының жыл мұғалімі» атағын беру бойынша Наурызбай ауданындағы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында өткізілді.  Комиссия мүшелері мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздемелері, әдістемелік және технологиялық құрылымы сабақта қаншалықты жүзеге асқандығы, оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын сындарлы ойлауын, қарым-қатынас жасау қабілеті және командада жұмыс істеу дағдысын
Қазақ іздеп жүрмін мен, қазақ іздеп ..."
05
май
2021
Қазақ іздеп жүрмін мен, қазақ іздеп ..."
ҚР Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының қолдауымен 4-сынып оқушылары арасында Қазақ поэзиясының қара нары, жүйрік ақын Жүрсін Ерманның 70-жылдық мерейтойына орай "Қазақ іздеп жүрмін мен, қазақ іздеп ..." тақырыбында өткізілген қалалық онлайн өлең оқу байқауына қатысып, І орын иегері атанған 176 мектеп-гимназиясының 4"Д" сынып оқушысы Акімбек Дария марапатталды. Шәкірттеріміздің тек биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз! 💐💐💐
"Жас Дарын-2021" байқауы
22
апрель
2021
"Жас Дарын-2021" байқауы
Республикалық "Жас Дарын" дарынды балалар орталығы қашықтықтан ұйымдастырған "Жас Дарын-2021" атты балалар байқауының арнайы алғыс хатымен Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясының Қазақ тілі пәні мұғалімі Ыбырайым Айшагүл марапатталды. Шәкірт тәрбиелеуде ұлағатты ұстаздарымыз ерең еңбек етуде. Жеңістеріміз көп болғай!💐
Құрмет грамотасы
24
февраль
2021
Құрмет грамотасы
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі парасатты еңбегі мен білім беру саласындағы мүлтіксіз атқарған белсенді қызметі және кәсіподақ қозғалысын нығайтуға қосқан үлесі үшін №176 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Гулиева Гульшан Смаиловна "Ұстаз" Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Осындай өз ісіне берілген, жаңалықты
"Nur Otan" Алғыс хаты
10
февраль
2021
"Nur Otan" Алғыс хаты
Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау кезінде "Nur Otan" партиясының сайлау науқанына белсенді атсалысқаны үшін Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназиясының мұғалімі Кенжехан Ернар Ерболұлы Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші Орынбасары Б.Байбектің Алғыс хатымен марапатталды. Елімізге жанашыр азаматтарымыз көп болғай! 
ЮНИФЕСТ байқауы
28
январь
2021
ЮНИФЕСТ байқауы
№176 мектеп-гимназиясы "Мейірімділік пен жүрек жылуы - адамзаттың ізгі қасиеттері" қалалық ЮНИФЕСТ байқауына қатысып, "Ұлттық құндылықтар" номинациясы бойынша Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Шығармашылық табыс тілейміз! #юнифест #176МГ
"Үздік кітапханашы"
03
ноябрь
2020
"Үздік кітапханашы"
Кітап  –  уақыт   пен   кеңістіктің   тынысына   толы   адамзат   ои ̆ ының   жемісі ,  қоғамның   мәдени   күштерін   дамытудың   қуатты   құралы ,  қаи ̆ нар   бұлағы .  Осындаи ̆  рухани   қазынаның   сақтаушысы ,  эстетикалық   талғамы   баи ̆,  ои ̆ ы   зерек ,  қиялы   жүи ̆ рік ,  өзінің   кәсіби   шеберлігін   шыңдаған ,  оқырмандарға   білім   мен   қажетті   ақпараттың   тиімдісін   демдеп   беріп   отырған ,  ои ̆- өрісі   кең ,  жан - жақты ,  білімді ,  парасатты