Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 19
ҚР Білім және Ғылым Министрі А.Аймағамбетовтің Құрмет Грамотасы
05
октябрь
2019
ҚР Білім және Ғылым Министрі А.Аймағамбетовтің Құрмет Грамотасы
Ұстаздық - ұлы құрмет. Өйткені ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Сондай ұрпақ тәрбиелеуді өзінің бар күш-жігерін аямай жүрген шығармашыл ұстаз Наурызбай ауданындағы #176 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі -  Ыбырайм Айшакүл. Еткен еңбек, төккен тер, шәкірттеріне берген білімнің жемісін бағалап ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов ұстаздар мерекесіне орай "Құрмет грамотасымен" марапаттады. Сізге зор денсаулық шығармашылық табыс, қажымас күш-жігер тілейміз.
Әріптестеріміз «ЕЛ ҮМІТІ» жобасының қола медальмен марапатталды
26
декабрь
2024
Әріптестеріміз «ЕЛ ҮМІТІ» жобасының қола медальмен марапатталды
Талантты жас қазақстандықтарды табу және оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «ЕЛ ҮМІТІ» жобасына мектебіміздің білікті жастары қатысып, қола медальмен марапатталды. Атап айтқанда дене шынықтыру пәні мұғалімі Қуанышбек Төреханұлы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Абдрахман Арайлым және бастауыш сынып мұғалімдері Мұратбай Гүлсана, Толымбекова Балжан, Байтуова Таңшолпан.  ​ ​
Әріптестеріміз «АЛАШ ИДЕЯСЫ – ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ» аудандық байқауының І орын иегері
04
декабрь
2024
Әріптестеріміз «АЛАШ ИДЕЯСЫ – ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ» аудандық
Ағымдағы жылдың 4-желтоқсанында Наурызбай ауданы білім беру ұйымдары арасында аудандық «АЛАШ ИДЕЯСЫ – ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ» аудандық байқауы өткізілді. Аталған байқауға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Үсенбай Гульнұр Ерболқызы қатысып, жүлделі І орын иеленді және қалалық кезеңге жолдама алды. 
Әріптестеріміз қалалық STEM HACKATHON командалық сайысында ІІ орын иеленді
03
декабрь
2024
Әріптестеріміз қалалық STEM HACKATHON командалық сайысында ІІ орын
Ағымдағы жылдың 03 желтоқсанында Алматы қаласы, Әуезов ауданы №202 мектеп-гимназияда өткен қалалық STEM HACKATHON командалық сайысында «Төрттік үйлесім» командасы ІІ орын иеленді. Команда құрамында: Ахметжанов Д. (информатика), Қалданов Н. (география), Фархад Б. (физика), Айтбай Д. (химия). 
Директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ТӨЛЕГЕНОВ Абылай КөпбергенұлыОқу-ағарту министрінің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды
27
ноябрь
2024
Директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ТӨЛЕГЕНОВ Абылай
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ТӨЛЕГЕНОВ Абылай Көпбергенұлы жаңа форматтағы көшбасшыларды даярлауға арналған "Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы" бағдарламасы бойынша республикалық кадр резервіне енді. 2024 жылдың 26-27 қарашасында Астана қаласында Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсенбаев республика бойынша 376 резервистке сертификат табыстады. Абылай Көпбергенұлы да осы үміткерлер қатарында сертификат иеленді. Сонымен қатар жобаны оқытуда ерекше белсенділік  танытқаны үшін
Әріптестеріміз аудандық «CLIL кіріктірілген сабақтар» фестивалінде І орын иеленді
19
ноябрь
2024
Әріптестеріміз аудандық «CLIL кіріктірілген сабақтар» фестивалінде І
19.11.2024 ж. аудандық «CLIL кіріктірілген сабақтар» фестивалінде физика пәні мұғалімі Фархат Бехруз, биология пәні мұғалімі Нұралы Балнұр және химия пәні мұғалімі Айтбай Динара қатысып, жүлделі І орын иеленді. Фестивалге «Smart Class: ыңғайлы оқу ортасына арналған заманауи технологиялар» жобасын ұсынды.
«Атамекен» дебат клубының жетекшісі Қалданов Нұржан «Үздік тәлімгер» номинациясымен марапатталды
13
ноябрь
2024
«Атамекен» дебат клубының жетекшісі Қалданов Нұржан «Үздік тәлімгер»
Алматы қаласы 9-11(12) сынып оқушылары арасында WSDC форматы бойынша өткен Республикалық пікірсайыс турнирінің аудандық іріктеу кезеңінде «Атамекен» дебат клубының жетекшісі Қалданов Нұржан «Үздік тәлімгер» номинациясымен марапатталды.
Әріптесіміз "Бабалар аманаты " жобасының ІІ орын иегері
13
ноябрь
2024
Әріптесіміз "Бабалар аманаты " жобасының ІІ орын иегері
Жыл сайын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткізілетін "Бабалар аманаты " жобасы аясында өткізілген Махмұд Қашқаридің 995 жылдығына арналған "Шешендік өнер" әдеби сайысының аудандық кезеңінде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Игілік Қарақат қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді.  
Әріптесіміз «Адал ұстаз – 2024» байқауының ІІІ орын иегері
01
ноябрь
2024
Әріптесіміз «Адал ұстаз – 2024» байқауының ІІІ орын иегері
01.11.2024 жылы Наурызбай ауданы білім беру ұйымдары педагогтері арасында «Адал ұстаз – 2024» байқауы өткізілді. Байқаудың аудандық кезеңіне география пәні мұғалімі Бермашева Гүлназ Темірбекқызы қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.
Әріптесіміз «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» байқауының ІІ орын иегері
17
октябрь
2024
Әріптесіміз «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» байқауының ІІ орын
Ағымдағы жылдың 17 қазанында Наурызбау ауданы білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» байқауы өткізілді. Байқауға мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Кенжехан Ернар Ерболұлы қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді.