Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 17
Қамқорлық акциясы  ұйымдастырылды.
06
февраль
2022
Қамқорлық акциясы ұйымдастырылды.
2022 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан Қамқорлық акциясы ұйымдастырылып, отбасылық жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттері мен тұрмысқа қажет таратылды. Ұйымдастырушылар 2 “В” және 2 “Г” сынып ата-аналары. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады.
"Ғажайып жетілік" ұйымы аясында 8 сынып дарынды оқушыларының қатысуымен онлайн форматта жарыс өткізілді.
05
февраль
2022
"Ғажайып жетілік" ұйымы аясында 8 сынып дарынды оқушыларының
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясында 05.02.2022 күні "Ғажайып жетілік" ұйымы аясында 8 сынып дарынды оқушыларының қатысуымен онлайн форматта жарыс өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар "Қазақстанның Қызыл Кітабы" тақырыбында өздерінің жоба жұмыстарын қорғады. Аталмыш іс-шара 8 "В", 8 "Д", 8 "Е" сыныптарының қатысуымен өткізілді. Жеңімпаз сынып оқушыларына арнайы сый-сыяпаттар берілетін болады.
“Балаға берілген жүрек” тақырыбында 3 “Б” сыныбында ашық сабақ өтті.
04
февраль
2022
“Балаға берілген жүрек” тақырыбында 3 “Б” сыныбында ашық сабақ өтті.
Ақпан айының 4 күні №176 мектеп-гимназиясында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының онкүндігі аясында Дулатбекова Балым Садыбекқызы “Балаға берілген жүрек” тақырыбында 3 “Б” сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсатын:Балалардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық,сүйіспеншілік , ізгілік,инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту.
“Мобильді қосымша жасау, интерфейсін құру” тақырыбында 11 Г сыныбында офлайн сабақ өткізді.
03
февраль
2022
“Мобильді қосымша жасау, интерфейсін құру” тақырыбында 11 Г сыныбында
Информатика пәні мұғалімі Байбатырова Нургуль Серикболатовна 28 қаңтар күні “Мобильді қосымша жасау, интерфейсін құру” тақырыбында 11 Г сыныбында офлайн сабақ өткізді. Мақсаты: MIT App Inventor ортасында бағдарламалық жасақтама интерфейсін құру, қосымша жасау. Сабақ барысында білімділік мақсаттарды қарастырылды, сондай-ақ олардың құраушы элементтерін және олардың дамытушылық және тәрбиелік мақсаттармен байланысын айқын дұрыс түрде қарастыра білді. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын
"Тіл әліпбиі. Синтаксис" тақырыбында 6Ж сыныпқа ашық сабақ өтті.
02
февраль
2022
"Тіл әліпбиі. Синтаксис" тақырыбында 6Ж сыныпқа ашық сабақ өтті.
Информатика пәнінің мұғалімі Борисова Инара Самарқанқызы 27 қаңтар күні "Тіл әліпбиі. Синтаксис" тақырыбында 6Ж сыныпқа ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Python тілінде тілдік ережелерді сақтай отырып, математикалық есептермен программа жазу. Сабақ барысында Learningapps.org , Canva.com, Wordwall.net, Doozy.live , Google Forms платформалары қолданылды. Оқушылар PYTHON программасында алғашқы программаларын жазып көрсетті. Ашық сабақ жоғарғы деңгейде өтілді. @edu.almaty @almaty_mektepteri
№176 мектеп-гимназиясының 3 “Е” сынып оқушысы Нағи Зеренің “Отбасындағы-ұлттық тәрбие” атты бейнебаянын ұсынамыз.
01
февраль
2022
№176 мектеп-гимназиясының 3 “Е” сынып оқушысы Нағи Зеренің
Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы 2022 жылдың ақпан айында «Отбасылық тәрбие мектебі» Алматы жалпы жобасының сегізінші турының бесінші кезеңіне қатысушысы Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясының 3 “Е” сынып оқушысы Нағи Зеренің “Отбасындағы-ұлттық тәрбие” атты бейнебаянын ұсынамыз. Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық
9-11 сынып оқушыларына онлайн негізде ZOOM платформасы арқылы “Таңдау және сайлау конституциялық құқығы” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
01
февраль
2022
9-11 сынып оқушыларына онлайн негізде ZOOM платформасы арқылы “Таңдау
Мектептің тәрбие жоспары негізінде 1 ақпан күні 9-11 сынып оқушыларына онлайн негізде ZOOM платформасы арқылы “Таңдау және сайлау конституциялық құқығы” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. @edu.almaty @almaty_mektepteri @otdel_obrazovaniya_nauryzbay @almatydaryny
27.01-28.01 қаңтар күндері аралығында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына ZOOM платформасында қашықтықтан  ата-аналар жиналысы өткізілді.
31
январь
2022
27.01-28.01 қаңтар күндері аралығында 1-4 сынып оқушыларының
Алматы қаласы Наурызбай ауданы 176 мектеп-гимназиясының тәрбие жоспары негізінде 27.01-28.01 қаңтар күндері аралығында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына ZOOM платформасында қашықтықтан ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыс “Тәрбие -тал бесіктен” тақырыбында өткізілді. Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру.Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою. @edu.almaty @almaty_mektepteri @otdel_obrazovaniya_nauryzbay
“Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру” тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн-семинар өтті.
29
январь
2022
“Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан
Алматы қаласы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру” тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн-семинар өтті. Мақсаты: Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін жетілдіруде ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету. Аталған шараға мектеп директоры Г.Е.Есейханқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Досқалиев, Э.Кулирбекова, мен тәлімгер Г.Б.Мулдабекова қатысты. Онлайн-семинар жоғары деңгейде өтті.
“Таңдау және сайлану конституциялық құқығы” тақырыбында 10 сынып оқушылары және “Өзін-өзі басқару ұйым” мүшелерімен ZOOM платформасы арқылы дөңгелек ү
29
январь
2022
“Таңдау және сайлану конституциялық құқығы” тақырыбында 10 сынып
Алматы қаласы Наурызбай ауданы 176 мектеп-гимназиясының тәрбие жоспары негізінде 28 қаңтар күні Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар ұйымдастыру жоспарына сай “Таңдау және сайлану конституциялық құқығы” тақырыбында 10 сынып оқушылары және “Өзін-өзі басқару ұйым” мүшелерімен ZOOM платформасы арқылы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. @edu.almaty @almaty_mektepteri @otdel_obrazovaniya_nauryzbay