19
февраль
2021
«Ыбырай Алтынсарин- балалар әдебиетінің атасы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты


Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, № 176 мектеп-гимназиясында қазақ балалар әдебиетінің атасы ,ағартушы- ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180жыл толуына орай бастауыш сынып мұғалімдері Дәмен А.С ,Самиева Г.Т 4 сынып оқушыларымен «Ыбырай Алтынсарин- балалар әдебиетінің атасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатының басты мақсаты:Алғашқы ұстаз ,ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.Ы.Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке ,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Оқушыларды өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға дағдыландыру. Ақын жырларынан үлгі алу. Тәрбие сағатында мұғалімнің алдына қойған мақсаты жақсы деңгейде орындалып, сабақ жоғары дәрежеде өтті.