Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «МҰҚАҒАЛИ – МӘҢГІЛІК ЖҮРЕГІМДЕ» әдеби-сазды кеш
11
февраль
2025

«МҰҚАҒАЛИ – МӘҢГІЛІК ЖҮРЕГІМДЕ» әдеби-сазды кеш

Бүгін ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың рухына тағзым еткен ерекше кеш өтті!
11.02.2025 жылы Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – мәңгілік жүрегімде» атты әдеби-сазды кеш болды. Қазақ поэзиясының шоқ жұлдызы атанған ақынның өлеңдері оқылып, жүрек тебірентер әндері шырқалды. Әдеби-сазды кеште мектебімізде педагогикалық практикадан өтуші Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология факультетінің 3-курс студенттері өз өнерлерін көрсетті. Кештің арнайы қонақтары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Әбділдаұлы Біләл және Қазақстан Жастар сыйлығының иегері Нұржан Байғожақызы Бексұлтанова келіп, өнерлерімен шарамыздың мәнін арттырды.
Мұқағали – мәңгілік жүрегімізде! Оның жырлары – өмірдің шынайы бейнесі, мөлдір сезімнің куәсі.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: