26
апрель
2021
«Табиғат туралы не білеміз?» тақырыбында кітаптар көрмесі


Экологиялық білім мен тәрбие беруді күшейту - қоғам алдындағы қазіргі өмір талабынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан қоршаған ортаны, табиғат байлығын қалыпты жағдайда ұстау- әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.Оқушыларды қоршаған ортаны көздің қарашығындай қорғай білуге шақыра отырып, экологиялық тұрғыдан білімдерін жетілдіру мақсатында №176 мектеп-гимназиясында "Біз болашаққа жауаптымыз" атты экологиялық тәрбие апталығы аясында «Табиғат туралы не білеміз?» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.