24
апрель
2021
"Ұлтжанды болашақ дегеніміз кім"

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Адал Ұрпақ" еріктілер ұйымының "Ұлтжанды болашақ дегеніміз кім" тақырыбында онлайн отырысы өтті. Мақсаты: оқушыларға рухани-патриоттық тәрбие беру, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке баулу. Отырыс барысында аға тәлімгер Жақанова Балжан "Адал Ұрпақ" ұйымының 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстарына қысқаша тоқталып, "ұлтжандылық" ұғымы жайлы анықтама берді. Ұйым мүшелері еліміздің патриоты ретінде болашақта ел дамуына қосар үлестері туралы сөз қозғады.