Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттық ойындар
23
март
2021

Ұлттық ойындар

Наурыз мейрамы - көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алып, арықтарды тазалап, су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егуден бастайды. Бұл күн жер-жерде ат бәйгесі, көкпар тарту, қыз қуу, палуандар күресі тектес ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылады. Наурыз мейрамында әркім жылы шырай сезіне бастап, сағынышты көрісулерімен, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алады. Ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, ұлттық ойындар арқылы оқушының өз ұлтының әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне деген қызығушылығын ояту мақсатында №176 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ұлттық ойындар» тақырыбында бейнеролик әзірленді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: